Компаниядағы мансап

«САМҰРЫҚ – ҚАЗЫНА» БІРЫҢҒАЙ ЖҰМЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ барлық компаниялар тобы үшін Samruk Qyzmet атты бірыңғай жұмыс бойынша бос орындар алаңын іске қосқаны жайлы хабарлайды. Бұл сайт Қордың қоржындық компанияларында бос жұмыс орындарын табуға мүмкіндік беретін жұмыспен қамтудың цифрлық алаңы. 

Ресми веб-сайттың мекен-жайы -  https://Qsamruk.kz. Айта кеткен жөн, аталмыш платформа бос жұмыс орнына өтініш беру барысын бақылау мен «нақты уақытта» кері байланыс жүргізу арқылы жұмыс процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, платформа Қордың компаниялар тобының әкімшілік және өндірістік лауазымдарының барлық бос орындарына бірыңғай қол жетімділікке, сонымен қатар, үміткерлерді таңдау уақытын қысқарту арқылы рекрутердің жұмыс процесін оңтайландырады.

Атап өткен жөн, Қордың өткен жылы қабылдаған жаңа кадрлық саясаты аясында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов үміткерлерді ашық түрде таңдауды қамтамасыз ететін бірыңғай конкурстық іріктеуді енгізу қажеттігін атап өтті. 

баннер для сайтов SQ 3 вариант.jpg

Бос орын  кнопки для сайтов SQ!.jpg




Сұрақ - Жауап

Құрметті қонақтар, Сіздерге интернет-блогтың беттерінде сәлем беруге қуаныштымыз. Сіздер мұнда компаниямыздың соңғы жаңалықтарын қоса алғанда барлық қажетті ақпаратты таба аласыздар деп үміттенемін. Сұрақтарыңызға білікті жауап беруге дайынбыз. Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңіз біздің жұмысымызда ескерілетін болады.

Толығырақ