«Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдар қызметінің ауқымы соншалық, олардың елдің бүкіл экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар, халықтың орасан зор тобының мүдделерін қозғайды.
Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметіндегі бірқатар маңызды қағидаттарды білдіреді: қоғам мүдделеріне ұқыптылықпен қарау, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты ықпал ету, оларда қолайлы бизнес-климатты қалыптастыру, лайықты еңбек жағдайларын, адамдардың әлеуметтік және рухани әл-ауқатын қолдау.
Осыған байланысты компания тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құрамдас бөлікке де жоғары көңіл бөле отырып, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын тұрақты ұстанады, олар: жаңа жұмыс орындарын құру, кадрларға арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру науқандары.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік және қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың осал топтарына, аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетуге және спортты қолдауға бағытталған.
«Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету бойынша бірыңғай саясатты іске асыруды «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры жүзеге асырады (info@sk-trust.kz)
«Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Samruk-Kazyna Trust Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта келесі бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын жүзеге асырады:
— Әлеуметтік және медициналық сектордағы адамдарға, қауымдастықтарға көмектесу
— БАҚ-ты, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту
— Еңбек және ұлтаралық қатынастарды нығайту, қоғамның тұрақты дамуына инвестиция салу
— Аймақтық және бизнес бастамаларды қолдау
Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратты www.sk-trust.kz ресми сайтында білуге болады.