Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-ші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі.
VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашық деп жариялаған Президент сайланған депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде өткен жылдағы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі негізгі өзгерістерге тоқталды. Ол жүзеге асырылып жатқан реформалар «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделгенін атап өтті. – Бұл формула мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін жаңартылған Конституция талаптарын […]