Fitch Ratings «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ЭДР) «ВВ+» деңгейінде, болжамы тұрақты деп белгіледі.
Алынған халықаралық кредиттік рейтинг «Самұрық-Қазына Инвест» жергілікті және халықаралық капитал нарықтарында ресурстарды өз бетінше тартуға, сондай-ақ компанияның беделін және брендтің танылуын арттыруға мүмкіндік береді, бұл, сайып келгенде, инвестициялық жоспарларды іске асыру және «Самұрық-Қазына Инвест»стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін бәсекеге қабілетті құралдарды жасауға ықпал етеді.
Рейтингтік әрекеттердің толық тізімін Fitch Ratings ресми сайтынан көре аласыз.