ТОО «Самрук-Қазына Инвест»  logo
Логин
Пароль
Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтай туралы пресс-релиз

Алдағы келе жатқан мереке – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы және «Жеңіс» ( «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы бастамасы) әлеуметтік-қайырымдылық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері – Заиченко Иван Афанасьевич және Пархоменко Василий Федоровичкебарды.

            Серіктестік қызметкерлері ардагерлерді Мерекемен құттықтады, оларға денсаулық тіледі, олардың Ұлы Жеңіс жолындағы жасаған қаһарман әскери ерліктері үшін өздерінің шексіз алғыстарын білдірді. Ардагерлер егде жасқа келіп қалғандарына және сыр берген денсаулықтарына қарамастан, кездесу барысында өздерінің соғыс туралы естеліктерімен бөлісті және соғыс аяқталғаннан кейінгі өздерінің өмірлері жайында да айтып берді. Серіктестік қызметкерлері өз қаржыларынан, ардагерлердің қажеттіліктеріне оларға қолдан келер материалдық көмектерін көрсетті.

           Заиченко Иван Афанасьевич 1923 жылы Ақмола облысы Алексеев ауданы Рамадан ауылында дүниеге келген.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. Ташкент пулемет-миномет училищесінде 6 айлық оқытудан өткен. Оқуын аяқтағаннан кейін, оған «кіші лейтенант» әскериі шені берілген. Сталинградтың түбінде 169-шы атқыштар дивизиясының пулемет батальонында соғысқан. Сталинград үшін шайқас барысында алған жарықшақ жарақатынан кейін, 4 ай бойына ем қабылдаған, одан кейін жарамсыз деп танылған. Туған ауылына қайтып келіп, радист, радиоторап меңгерушісі болып қызмет атқарған.

1946-1956 жылдары ішкі істер органдарында жұмыс істеген (коменданттың көмекшісі, комендатураның бастығы). КСРО МҚК мектебін аяқтаған. 1956-1974 жылдар аралығында ТЖ жүйесінде қызмет атқарған. Соңғы атқарған қызметі – Целиноград облыстық өрттен қорғау бөлімі инженері.

Ұлы Отан соғысы орденімен және «Сталинград қорғанысы үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Ішкі істер қызметі майоры.

 

Пархоменко Василий Федорович, 1921 жылы 1 тамызда Украина КСР Чернигов облысы Нежино ауылында дүниеге келген.

1939 жылы 10-шы сыныпты аяқтаған. Сол жылдың қараша айында ол Смоленск артилериялық училищесіне оқуға түседі. Оны 1941 жылдың 10 мамырында Брест-Литва 62-ші бекітілген ауданына жібереді, ол осы жерде 22 маусымда соғысты кездестіреді. Мәскеу түбінде соғысқан, Смоленскіні, Минскіні, Брестті, Познаньды жау қолынан азат етуге қатысқан. ҰАО-4 (Ұзақ мерзімді ату орны) командирі болған.

Соғыс аяқталғаннан кейін отанына, Нежино ауылына (Украина) қайтып оралып, педагогикалық институттың дене шынықтыру факультетінде білім алған. Одан кейінгі өмірінің барлығын оқытуға арнаған. Ол ауыл мектебінде әскери дайындық және дене шынықтыру пәндері мұғалімі болған. Сол жерде, Нижино қаласы партияның қалалық комитетінде дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, стадион директоры болып қызметтер атқарған. Соңғы атқарған қызметі – мәдениет үйінің меңгерушісі. Василий Пархоменко Қазақстанға 1988 жылы жұбайымен бірге жалғыз қыздарына көшіп келген.

Ұлы Отан соғысы орденымен, сонымен қатар басқа да ордендермен және медальдармен марапатталған. Әскери шені – лейтенант.

 
Яндекс.Метрика