ТОО «Самрук-Қазына Инвест»  logo
Логин
Пароль
Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтаудың пресс-релизі

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 72 жылдық мерейтойына байланысты және «Жеңіс» әлеуметтік-қайрымдылық жобасы аясында «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-ның қызметкерлері өз балаларымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Заиченко Иван Афанасьевичтың хал-жайын біліп шықты.    

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 72 жылдық мерейтойына байланысты және «Жеңіс» әлеуметтік-қайрымдылық жобасы аясында «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-ның қызметкерлері өз балаларымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Заиченко Иван Афанасьевичтың хал-жайын біліп шықты.   

           Серіктестік қызметкерлері ардагерді Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтап, оған денсаулық, ұзақ өмір тіледі және бейбіт өмір үшін жасаған қаһармандығы мен ержүректігі үшін үлкен алғыс білдірді. Иван Афанасийұлы жасының ұлғайғанына қарамастан ширақ, жылы кездесу кезінде өзінің майдандағы және соғыстан кейінгі естеліктерімен бөлісті, өскелең ұрпақтың сұрақтарына сүйсіне жауап берді. Барлық ұжымның атынан табысталған ақшалай қаражатқа қоса қызметкерлер ардагердің бақшасын қазып, үй іргесіндегі телімді ретке келтірді. 

Қысқаша өмірбаян:

Иван Афанасьевич Заиченко 1923 жылы 11 қыркүйекте Ақмола облысы Алексеевский ауданы Рамадан ауылында дүниеге келді.

1942 жылға ақпанда ол Қызыл Армияның қатарына шақырылды. Ташкент пулемет-мина атқыш училищесінде 6 айлық оқудан өтті. Аяқтағаннан кейін «кіші лейтенант» әскери атағы берілді. Сталининград түбінде, 169-атқыштар дивизиясының жеке пулемет батальонында соғысты.  Сталинград үшін шайқаста жарқыншақ тиіп жараланғаннан кейін 4 ай емделіп, содан кейін жарамсыз деп танылды. Туған ауылына келіп, радиошы, радиотораптың меңгерушісі болып жұмыс жасай бастады. 

Соғыстан кейінгі 1946-1956 жылдары Иван Афанасийұлы ішкі істер органдарында (комендант көмекшісі, комендант кеңсесінің бастығы) болып жұмыс жасады. КСРО МҚК мектебін аяқтады. 1956-1974 жылдары ТЖ жүйесінде қызмет етті.

Марапаттары: «II дәрежелі Ұлы Отан соғысының» орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін», «Германияны жеңгені үшін»  медальдарымен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.     Ішкі қызмет майоры.

ски1.jpgски2.jpgски3.jpgски4.jpg 

 
Яндекс.Метрика