ТОО «Самрук-Қазына Инвест»  logo
Логин
Пароль
Инвестициялау

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС – жергілікті қамтуды арттыру мақсатында бәсекелесуге қабілетті тауарлар мен қызметтерді жасауға бағытталған инвестициялық жобаларды тікелей қаржыландыратын компания.

Қаржыландырудың түрі: негізгі капиталға инвестиция жұмсау

Басым бағыттар:

·         «Самұрық-Қазына» АҚ басым салаларындағы жобалар;

·         холдинг ішіндегі кооперацияны дамытуға бағытталған жобалар;

·         Қазақстанның экономикасын жаңғыртуға бағытталған жобалар;

·         Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға бағытталған жобалар.

Географиялық фокус: Қазақстан және Қазақстанмен өндірістік кооперация бар болған жағдайда басқа елдер.

Жобалардың құны: 150 млн. АҚШ долл. дейін. Капитал сыйымдылығы артығырақ жобаларды «Самұрық-Қазына» АҚ қарастыруына жіберуге болады.

Инвестиция мерзімі: 3-5 жыл (инвестиция мерзімін үш жылға ұзарту мүмкіндігі бар)

Инвестициялық портфель бойынша орташа табыстылық (СоЕ): жылына 12,54% теңгеде

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС қатысу үлесі: жарғылық капиталда 49% дейін


«Yellow pages» қағидаларын енгізу

Қазақстан Үкіметі ел экономикасында мемлекеттік қатысу үлесін азайту және нарықтық механизм негізіндегі реттеуге өту үшін белсенді қадамдар жасауда (бұдан әрі – Жекешелендіру). Жекешелендірудің 2014-2016 жж. кешенді жоспары шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымына кіретін жеке активтерді және/немесе компанияларды бәсекелес ортаға беру шешімі қабылданды. Жекешелендірудің кешенді жоспарын әзірлеу кезінде «Yellow Pages» қағидалары ескерілген болатын. Бұл жеке сектордың үлесін көбейту есебінен экономика тіректерін күшейту бойынша мемтекеттің ұзақ мерзімді жоспарына сай болып келеді. Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін мемлекет меншігінің үлесі Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің деңгейіне дейін жеткізілуі тиіс.

2015 жылдың 22 сәуірінде қабылданған «Кәсіпкерлік қызметте мемлекет үлесін шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мемлекеттік холдингтердің рұқсат етілген қызмет түрлерін шектеп, және «Самұрық-Қазына» АҚ жағынан инвестициялаудың потенциалды бағыттарын таңдауға тікелей әсерін тигізеді.

 «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС жаңартылған Стратегиясы қоржындық компаниялардың жарғылық капиталында қатысу мөлшері бойынша 49% дейінгі, сондай-ақ, ҚР Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген критерийлерге сай шағын кәсіпкерлікке жататын субъектілер болып табылатын қоржындық компанияларда қатысуға шектеу орнатады.

Компания Қазақстан Республикасының сәйкес тауар нарығында ұсынылмаған немесе сол тауар нарығының  қажеттілігін жаппайтын отандық тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге бағытталған инвестициялық жобаларға қатысу қағидасын ұстанады.

Шешім қабылдағанға дейін «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС тауар нарығының міндетті зерттеуін өткізеді. Егер тауар нарығының қажеттілігін жабатын отандық тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетумен айналысатын субъект анықталған жағдайда, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС осы, ұқсас немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлар өндіру немесе жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша жобаларда қатысудан бас тартады.

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық жобада қатысу бойынша шешімді қоржындық компаниядағы акцияларын (жарғылық капиталда қатысу үлесі) соңында сату міндетті шартымен, инвестициялық жобаның өтелімділік мерзімін есепке алумен қабылдайды.


Әріптестік

Келесі белгілерге сәйкес стратегиялық әріптесті тарту:

·       Кәсіби тәжірибе. Жобаның барлық техникалық аспектілерін жоспарлау мен орындау үшін стратегиялық әріптес жауапты болғандықтан, стратегиялық әріптес ретінде ұқсас жобаларды іске асыруда жемісті тәжірибесі бар, жергілікті немесе әлемдік нарықта әйгілі сарапшы болып табылатын команияны тарту қажет.

·       Техникалық аспектілер. Кәсіби тәжірибеден бөлек, стратегиялық әріптес Компанияның инвестициялық мақсаттарына сәйкес келетін және жобаларды іске асыру шеңберінде техникалық және технологиялық аспектілерді табысты жоспарлау, енгізу және бақылау үшін қажетті озық технологиялық шешімдерге ие болуы тиіс.  

·       Нарықтық мүмкіндіктер. Потенциалды стратегиялық әріптес жұмыстың жаңа тиімді әдістерін ұйымдастыруға, нарықтың үрдісі мен қажеттілігін болжамдауға, сондай-ақ, өзінің меншігіндегі немесе жаңадан құрылған дистрибьюторлық және дилерлік желісіне қосуға, жобаның тиімді іске асырылуынан өзара пайда табу үшін, дайын болуы керек.

·       Қаржылық тұрақтылық. Әріптестің жобада бақылау акциялар пакетін (51% және одан артық) сатып алу мүмкіндігі мен дайындығы және оның қаржылық әлділігі стратегиялық әріптесті таңдаудағы негізгі белгілері болып табылады. Әріптестің қаржылық дәрменсіздігі жобаны іске асыру барысына және жобаның барлық қатысушыларына зиян келтіруі мүмкін.


Инвестициялық шешімдерді қабылдау

Компания жобаларды қарастыруда келесі кезеңді тәсілдерге сүйенеді:

1.     Бастапқы талдау;

2.     Жобаны және (немесе) қоржындық компанияны кешенді сараптау және жоба бойынша инвестициялық тәуекелдерді бағалау;

3.     Жобаны және (немесе) қоржындық компанияны кешенді тексеру (due diligence);

4.     Қоржындық компанияның жарғылық капиталында қатысу;

5.     Инвестициялардың бақылау және тексеруін ұйымдастыру;

6.     Компанияның жобадан шығуы.


Жобаларды басқару

Компания жобаны және қоржындық компанияны басқаруды келесі тәсіл арқылы жүзеге асырады:

1.     Ақшаның мақсатты жұмсалуын бақылау үшін банк шотын ашу;

2.     Қоржындық компания дайындайтын жүйелік және жоспарлық есептілігін ұйымдастыру және тексеру; 

3.     Басқару мүшелерінде өкілдік арқылы, сондай-ақ, тағайындауларды келістіру және қоржындық компанияның атқарушы органына өз өкілдерін жіберу жолымен қоржындық компанияның корпоративтік басқаруында қатысу;

4.     Қазақстан Республикасының заңнамасы тиым салынбаған басқа басқару түрлері.


Инвестициялардан шығу

Компания инвестициялардан шығудың төрт амалын қарастырады:

1.     IPO (көпшілікке бағалы қағаздарды бірінші рет тарату);

2.     Қоржындық, институционалды және стратегиялық инвесторларға нарықтық бағасы бойынша сату;

3.     Компанияның қатысу үлесін стратегиялық инвесторға сату;

4.     Компанияның қатысу үлесін «Самұрық-Қазына» АҚ саланы стратегиялық дамыту үшін сату.


Компанияның бәсекелестік артықшылығы

1.     Компания «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниялар тобының топаралық кооперациясын қолдана алады.

2.     Компанияның жобалар қоржыны және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын стратегиялық әріптестірімен жөнге салынған қарым-қатынасы бар.

3.     Компания жергілікті және шетел компанияларға консалтингтік қызметтерді іске асыра алады.

4.     Тікелей инвестицияларда ауқымды тәжірибесі бар мықты инвестициялық командаға ие. 

 
Яндекс.Метрика