Бүгін Қазақстан мен АҚШ іскер топтарының, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Америка «дөңгелек үстелі» өтті.

АҚШ Сауда миссиясын АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті К.Чокси басқарды.

АҚШ Сауда миссиясы аясында дөңгелек үстелге келесі компаниялар қатысты: Chevron, Exxon Mobil, GE, Apple, Google, Microsoft, EPAM Systems, Boeing, Honeywell».

«Самұрық-Қазына Инвест» қор портфелін әртараптандыру және Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің тартымдылығын дамыту мақсатында америкалық серіктестер Boeing және Google компанияларымен кездесуде компанияның одан әрі әлеуетті ынтымақтастық үшін негізгі инвестициялық шарттары туралы айтты.