«Самұрық-Қазына» қорында 2023 жылғы 16 тамызда «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Топ компанияларының мамандарынан құралған командалар жеті ай бойы жобаларды қорғауға дайындалды. Соңғы кезеңнің қазылар алқасына Директорлар кеңесінің мүшелері мен Қордың портфельдік компанияларыныңбасшылары кірді.

Әр жұмыс төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келуі керек еді:

  1. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша тираждау, яғни масштабтау мүмкіндігі;
  2. Экономикалық жағынан орындылығы (жобаның есептеулері және оның қисынды негіздемесі);
  3. ESG қағидаттарын сақтау;
  4. Практикалық тұрғыда қолдану.

Іріктеудің бірінші кезеңі өткен жылы қараша айында Түркістанда өткізілді. Жастар форумында арнайы челлендж негізінде 200 қатысушының 49-ы таңдалды. Оларды, өз кезегінде, жеті командаға бөліп, әрқайсысына президенттік жастар кадрлық резервінің екі тәжірибелі тәлімгері бекітілді. Қазақстанның жеті қаласында 7 оқыту модулі өткізілді. «Самұрық-Қазына» АҚ-да «Жеті қадам» бағдарламасы жастар саясатын қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қордың және портфельдік компаниялардың жас әрі белсендіқызметкерлерінен болашақ көшбасшылар жасау, оларды басқару құзыреттерін енгізу техникасына үйрету, коммуникативтік дағдыларды, командада жұмыс істей білуді, бюджеттік жоспарлау қағидаттарын түсінуді дамыту мақсатында әзірленді. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов өзінің құттықтау сөзінде Қордың кадр саясатындағы басты басымдық – адамкапитал болып табылатынын атап өтті. Ал «Самұрық-Қазына» тобында бүгінде 35 жасқа дейінгі 80 мыңнан астам маман жұмыс істейді. «Олардың әлеуетін барынша пайдалану үшін оларға ерекше назар аударылады», – деді Жақыпов.

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов әрбір қатысушы мен тәлімгерлерге алғысын білдірді. «Бүгінгі іс-шара «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығына орайластырылып өткізілді. Біз 2022 жылы жаңа кадр саясатын бекіткенімізді білесіздер. Барлық жеті жоба да топ компанияларының дамуына өз үлесін қосады деп үміттемін», – деді ол. Қазылар алқасы «Жеті қадам» бағдарламасында үздік деп «Кәсіпорындарда көмірсутектің әсерін азайту» жобасын таңдады, ал екіншіорынды «Жастар саясатын іске асыру» жобасы, үшінші орынды «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениеті» жобасы жеңіп алды. Жеңімпаздар алдағы екі жылда өз жобасын топ компанияларының бірінде жүзеге асыратынболады.

Источник: пресс-центр АО «Самрук-Қазына»