Қазақстан мен Венгрия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Будапештте экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті. «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС атынан бас директор Сәкен Әбілмәжінов қатысты.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды. Комиссия төрағалары – қазақстандық тараптан – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, венгр жағынан – Венгрияның қаржы министрі Михали Варга елдер арасындағы дамудың зор әлеуетін ескере отырып, ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы аясында Іскерлік кеңес өтіп, онда Сәкен Әбілмәжінов венгриялық іскер қауымға компанияның қызметі, ынтымақтастықтың артықшылықтары мен «Самұрық-Қазына Инвест» инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Дереккөз: Ұлттық экономика министрлігі