Үкімет басшысы қор алдында инвестиция тарту, энергетикалық кешенді дамыту, инфрақұрылымды, көлік, логистика және республиканың индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар, қор ұлттық экономиканың тұрақты даму жолында нығаюына мүмкіндік беретін отандық тауар өндірушілерді белсенді түрде қолдап, оларға қолайлы жағдай жасауы тиіс.

«Әр еншілес компанияның және жалпы холдингтің жұмысының басым бағыттары мен KPI көрсеткіштері айқындалып, алдағы міндеттер айқын. Қор біздің мемлекетімізде ірі активтерді басқаратын өте маңызды элемент болып табылады. Көп нәрсе қордың тиімді жұмыс істеуіне, әсіресе бүкіл экономикаға әсер ететін ірі жобаларға және еліміздің одан әрі прогрессивті дамуына байланысты», - деді.

Әлихан Смайылов

 

– деді Әлихан Смайылов Нұрлан Жақыповқа және қордың барлық қызметкерлеріне жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ Үкімет басшысы қорды соңғы екі жылда басқарған Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Дереккөз: «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз орталығы