2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарына сөйлеген сөзінде өзінің өкілеттігін қысқартып, президенттік сайлауға баратынын айтты. Айта кетейік, қазір Қазақстанда президент тек бір мерзімге 7 жылға сайланады. Қайта сайлауға тыйым салынады. Сайлау туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан біле аласыздар