"SANY Renewable Energy Co Ltd компаниясымен бірлесіп Қазақстанда жел электр станцияларының компоненттерін өндіретін зауыт салу" жобасы

«Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі III Форумы аясында ағымдағы жылдың 17-18 қазанында Бейжіңде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов және «SANY Renewable Energy Co Ltd» Басқарма Төрағасы Чжоу Фугуй Инвестициялар және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Осы келісімдердің негізгі мақсаты ҚР – да жоспарланған ірі ЖЭС құрылысы шеңберінде Қазақстанда жел электр станцияларының компоненттерін (бұдан әрі-ЖЭС) өндіретін зауыт салу болып табылады.

Анықтама: SANY Renewable Energy Co Ltd – әлемдегі жел турбиналары компоненттерінің ең ірі өндірушілерінің бірі және жобаларды жоспарлауға, ЖЭС жобалауға, «кілтпен» құрылысқа, тасымалдауға, пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге, цифрландыру және инновациялық модельдер арқылы жел электр станцияларын басқару үшін инвестициялар мен қаржыландыруды жүзеге асыруға маманданған.

Қалақтардың, гондолалар мен мұнаралардың компоненттерін өндіретін зауыттың құрылысы Қазақстанда жел электр станцияларын салуға жоспарланып отырған қажеттілікті қанағаттандыруға, елде қосымша құн мен жаңа өндіріс құруға ықпал ететін болады.

Бастамашы SANY Renewable Energy және «Самұрық-Қазына» АҚ тобы атынан «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС болады.

Жоба отандық энергетикалық сектордың дамуына, сондай-ақ ҚР-ға шетелдік инвестицияларды тартуға серпін береді. Жобаны Жамбыл облысында 490-ға дейін жаңа жұмыс орнын құрумен жүзеге асыру жоспарлануда.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен қытайлық серіктестер арасындағы қол қойылған басқа келісімдер туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желінің ресми аккаунттарынан біле аласыз.»Самұрық-Қазына»АҚ желілері мен Қорының веб-сайты:

  • Telegram https://t.me/samrukazynaofficial/
  • Instagram https://www.instagram.com/samrukkazyna_official/?img_index=1
  • «Самұрық-Қазына» АҚ қорының ресми веб-сайты https://sk.kz/?lang=ru